«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

Тәртіп пен заң — бәріне ортақ. Әсіресе, қоғамдық орындарда тазалық және тәртіп сақтау аса маңызды. Шалқар станциясында көпшілік орындарда құқық бұзушылықтың алдын алу үшін тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізуді жалғастырып келеді.

Осы жылдың тамыз айының 24-26 аралығында теміржол бойында және жолаушылар пойыздарында полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.

Е. ҚҰЛМАНОВ, Шалқар ст.ЖПб-нің бастығы, полиция капитаны.