Партияның аудандық филиалының есеп беру-сайлау конференциясы өтті

Ағымдағы жылдың 18 тамыз күні «AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалының кезекті XLI есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Конференция делегаттары 2610 партия мүшесінің басын біріктірген 17 бастауыш партия ұйымдарынан келді.

Конференцияның күн тәртібінде партияның аумақтық филиалы Саяси Кеңесінің 2021-2022 жылдары атқарылған жұмыстар және алдағы кезеңге, оның ішінде сайлау алдындағы бағдарламаларды орындау бойынша өңірлік жол карталарын іске асыру жөніндегі міндеттер туралы есебі,  «AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалының Саяси Кеңес құрамын сайлау және «AMANAT» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының кезекті есеп беру-сайлау  конференциясына делегаттар сайлау туралы мәселелер қаралды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе партияның аумақтық филиалы Саяси Кеңесінің 2021-2022 жылдары атқарылған жұмыстар және алдағы кезеңге қойған міндеттері туралы Шалқар аудандық филиалының атқарушы хатшысы Жарылғасын Шамбалаев баяндама жасады.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша конференция делегаттарының дауыс беруімен «AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалының Саяси Кеңес құрамы сайланды.

Сонымен қатар, «AMANAT» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының кезекті есеп беру-сайлау конференциясына Шалқар ауданынан қатысатын делегаттар бекітілді.

«AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалы.