КОНФЕРЕНЦИЯҒА ДЕЛЕГАТТАР САЙЛАНДЫ

Ағымдағы жылдың 10 тамыз күні Шалқар аудандық ауруханасы ғимаратында «AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалына қарасты «Аудандық орталық аурухана» бастауыш партия ұйымының есеп беру-сайлау жиналысы өтті.

Жиынға партияның аудандық филиалының Саяси кеңес мүшесі, аудандық мәслихат депутаты Жанкелді Былқайыр, «Аудандық орталық аурухана» бастауыш партия ұйымының төраағасы, аудандық мәслихат депутаты Алия Оспанова және бастауыш партия ұйымының мүшелері қатысты.

Күн тәртібінде бастауыш партия ұйымының атқарған жұмыстарының есебі тыңдалып, алдағы атқарылатын жұмыстардың жоспары жасалды. Сонымен қатар, бастауыш партия ұйымының төрағасы қайта сайланып, «AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалының кезекті есеп беру-сайлау конференциясына қатысатын делегаттар анықталды.

«AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалы.

Posted Under
Санатталмаған