«Түнгі қаладағы балалар» профилактикалық іс-шарасы өтуде

Шалқар ст. ЖПб-нің қызмет ету аймағында жазғы демалыс кезеңінде шілде айының 17-19 күндері аралығында «Түнгі қаладағы балалар» (ЖПІШ) жалпы профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Шараның басты мақсаты – жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және теміржол бойындағы жазатайым оқиғаларды болдырмау, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің мезгілсіз уақытта жүруін болдырмау, қылмыс пен құқық бұзушылыққа жол бермеу және жасөспірімдердің құқықтарының бұзылмауын қадағалау.
Елімізде заң бойынша кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түнгі сағат 22:00-ден кейін компьютерлік клубтарда, ойын-сауық орындарында болуға және 23:00-ден кейін көшеде ата-анасыз жүруге тыйым салынады. Осы орайда ата-аналар назарына, түнгі мезгілде балаларыңызды қадағалаусыз қалдырмауды сұраймыз.

Е.ҚҰЛМАНОВ, Шалқар ст. ЖПб-нің бастығы, полиция капитаны.

Posted Under
Санатталмаған