Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі — әркімнің  ісі

      7 маусым — Дүниежүзілік тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі күні

Адам денсаулығын сақтау факторларының бірі — қауіпсіз тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету болып табылады.  Әдетте, тағамдық аурулар — бұл бактериялардан, вирустардан немесе ластанған тамақ арқылы ағзаға енетін химиялық заттардан туындаған жұқпалы аурулар немесе уыттану (интоксикация), тамақтан улану,  жедел ішек инфекциясы және тамақ аллергиясы бар адамдар санының көбеюінен көрінеді.

Ал бүгінгі тұтыну нарығының түрлі азық-түлікпен қанығуы кезінде тамақ өнімдерін таңбалау мәселесі барған сайын өткірлене  түсуде. Сондықтан сауда объектілерінде өнімді сатып алғанда тұтынушы бірінші кезекте өнімнің таңбалануына назар аударуы керек. Атап айтқанда, өнімнің өндірілген күніне, жарамдылық мерзіміне, өнімнің құрамына, дайындаушы белгілеген сақтау шарттарына, тағамдық құндылық көрсеткіштеріне, ГТА-ның (ГМО) болуына, нормативтік талаптарға сәйкестігіне және сатып алынатын өнімнің жалпы қауіпсіздігіне назар аударуы тиіс. Бұл ақпарат өнімнің пайдалануға дайын екенін және оны мақсатына сәйкес қолданған жағдайда ешқандай зиян келтірмейтінін көрсетеді.

 Өнім қауіпсіздігінің маңызды шарттары мыналар болып табылады:

 – Жеке гигиена ережелерін қатаң сақтаңыз.

Ауру тудыру мүмкін микробтар  ас үйдің көптеген жерлерінде, соның ішінде азық-түлік, дайын тамақ, ыдыс-аяқ, кесу тақталары мен үстелшелерде болуы мүмкін. Осыған байланысты қолыңызды жиі жуыңыз, әсіресе тамақ дайындағанға дейін, дайындау кезінде және одан кейін.

 – Пісіру үшін жеткілікті жоғары температураны пайдалану.

Дұрыс термиялық өңдеу барлық  дерлік қауіпті микроорганизмдерді  өлтіреді. Зерттеулер көрсеткендей, белгілі бір температурада пісіру оны тұтынуға қауіпсіз ете алады.

– Тағамды дұрыс салқындатыңыз және мұздатыңыз.

Тез бұзылатын тағамдарды тағамды мұздату ережелерін сақтай отырып тоңазытқышта, қажет болған жағдайда мұздатқышта сақтау. Бактериялардың басым көпшілігі 5-тен 60 градуска дейінгі температурада көбейеді. Сондықтан өнімдер тоңазытқыштан  тыс 2 сағаттан артық қалмайтындығына көз жеткізу керек.

 –Шикі және дайын тағамдар арасындағы байланысқа жол бермеңіз.

Шикі тағамның дайын тағаммен байланысын болдырмау үшін тағамды контейнерлерде сақтаңыз. Тағамдық өнімдерді сатып алу, сату және дайындау кезінде қауіпсіз тамақтанудың негізгі ережелерін сақтау маңызды.

Жоғарыда аталған ережелерді сақтай отырып, сіз өзіңізді және жақындарыңызды аурудан сақтайсыз!

Шалқар аудандық санитариялық- эпидемиялогиялық бақылау басқармасы.