«АУЫЛ АМАНАТЫ» ауылды көркейтпек

«Ауыл аманаты» жобасы бойынша Шалқар ауданынан 12 ауылдық округ және Шалқар қаласынан барлығы 1 491,2 млн. теңгені құрайтын 399 жоба қатысады деп жоспарланды.

Бүгінгі таңда өсімдік шаруашылығына 29 жеке кәсіпкер, құс шаруашылығына  59 жеке кәсіпкер, шағын бизнеспен айналысуға 50 жеке кәсіпкер, барлығы 138 жоба бойынша тиісті құжаттар жинақталуда, 22 жобаның кепілдік мүліктері бағалауға жіберілген болса, 78 жобаның кепілге қойылатын жылжымайтын мүлік құжаттары толықтай бағалаудан өтті. Ал 18 жобаның бизнес-жоспары жасақталуда.

Шалқар ауданы бойынша бүгінгі күні 54 жобаның құжаттары несие беруші ұйым «Ақтөбе» ӘКК-на тапсырылып, 33 жоба құжаттары мақұлданды. Жылыжай ашу үшін «Greenhouse Shalkar» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі 18,0 млн. теңге және «Атамекен 2023» ауылшар-уашылық өндірістік кооперативі 20,9 млн. теңгеге ет өңдеу мен гидропоника арқылы өсімдік шаруашылығын дамыту мақсатында құжаттары мақұлданды. Сонымен қатар 30 жеке кәсіпкердің өсімдік, құс шаруашылығы мен шағын бизнес (наубайхана, кондитерлік өнім шығару, сүт өңдеу) құжаттары мақұлданды.

Тауарлық несие бойынша 24 жеке қо-салқы шаруашылыққа барлығы 136 бас МІҚ мен 100 бас қой малын «Нұралы» шаруа қожалығынан және ауданның ірі шаруа қожалықтары арқылы алды. Ауданның ірі шаруа қожалықтарымен тауарлық несие арқылы көп балалы мен жағдайы төмен отбасыларға төрт түлік мал беруге жұмыстар жүргізілуде.

Жоба нәтижесінде атаулы көмек алатын саны 13,5 пайызға, тұрақты жұмыстары жоқ адамдар 11,1 пайызға төмендейді. Жобаға қатысатын отбасылардың табысы 204,0 мың теңгеден 232,8 мың теңгеге дейін, яғни 114,1 пайызға артады деп күтілуде.

Жобалардан кейін мал шаруашылығы 83,2 пайыздан 79,6%-ға төмендеп, өсімдік шаруашылығы 12 пайыздан 13,9%-ға, құс шаруашылығы 4,8 пайыздан 6,5%-ға дейін ұлғаяды деп күтілуде.

Жобаға  қатысатын ауылдық округ халқын осы жобадан кейін картоп 33,2%-дан 60,6%-ға, қияр 67,9%-дан 95,6%-ға, қызанақ 69,2%-дан 93,7%-ға өсіп, қамтиды.

Жұмыртқа жобаға дейін 9,6% болса, жобадан кейін 82,89%-ға өседі.

Пилоттық жоба ауыл шаруашылығымен қатар шағын орта бизнестің дамуына да ықпал береді.

Аудандық ауылшаруашылығы бөлімі.