ЕСЕПШІЛЕР ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

Қай кезде де қаражат мәселесінде ұқыптылық, үнемділік қажет. Ал қазіргідей әлемдік қаржы дамуының баяу жүруі жағдайында мемлекет қаржысының мақсатты жұмсалуы басты назарда болуы тиіс. Қаражаттың басқа бір көзі – бұл бюджеттің барлық шығындық баптары бойынша қатаң үнемдеу және аса қатал қаржы тәртібі.

           Осы орайда Шалқар аудандық жұмыспен қамту орталығында жергілікті атқарушы органдардың бас есепшілерге арналған жөнінде семинар өтті.

Семинарда Ақтөбе облысы бойынша әкімі аппаратының ішкі аудит қызметінің басшысы Джумабаева Амина Рашитқызы және Ақтөбе облысы әкімі аппаратының «Ақтөбе облысының өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ-нің әкімшілік бөлімінің бас есепшісі Хайруллина Қарылғаш Бақытқалиқызы ҚР Қаржы Министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 «Мемлекеттік бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидалары туралы»   Бұйрығына түсіндірме жүргізді.

Аталған шараның алғашқы бөлігінде мемлекеттік құрылымның аудиторынан және бас есепшіден бюджеттік есептілікті жүргізу бойынша практикалық ұсынымдар айтылды. Семинардың екінші бөлігінде қатысушылардың  (іс сапар шығындары және еңбекақы есептеуді жүргізу, жыл сайын еңбек демалысына қатысты төлемдер есебі, жыл сайын еңбек демалысына қатысты төлемдер есебі, мемлекеттік қызметшілердің еңбек өтілін есепке алу туралы, тауарлы материалдық  қорлар есебі т.с.с) сұрақтарына толыққанды жауаптар берілді.

Сондай-ақ, баяндамашылармен  қаржы тәртібін бұзушыларға қарастырылған  заң бойынша қатал сұраныс қойылатыны  баса айтылды.