«Мерейлі Отбасы» ұлттық байқауының аудандық кезеңінің жүлдегерлері Бердімұратовтар отбасы саяси науқанда өз таңдауларын жасады

Қазақстан Республикасы Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар депутаттарын сайлауында «Мерейлі Отбасы» ұлттық байқауының аудандық кезеңінің жүлдегерлері Бердімұратовтар отбасы Шалқар ауданы, Айшуақ ауылдық округінің орталығы Бегімбет ауылында орналасқан № 502 сайлау учаскесінде отбасы мүшелерімен саяси науқанда өз таңдауларын жасап, дауыс берді. «Еліміз үшін бұл саяси науқанның өте маңызды екендігін атап өткім келеді. Ауыл тұрғындары таңертеңнен бастап сайлау учаскелеріне барып, дауыс беруде белсінділік танытуда. Бұған қарап, халықтың өзінің азаматтық борышын өтеуге құлшыныстарын байқауға болады. Баршаңызды еліміздің болашағы үшін өз таңдауларыңызды жасауға шақырамын», – деді Серікбай Бердімұратов.

Posted Under
Санатталмаған