«AMANAT» партиясының XXIV Съезінің қорытындысы талқыланды

12 қазан күні «AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалы ғимаратында партияның кезектен тыс XXIV Съезі мен Халықтық коалиция форумының қорытындысын талқылау мақсатында өткен жиынға аудандық мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымының төрағалары, партия ардагерлері қатысты.

 «AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалының атқарушы хатшысы, аудандық мәслихат депутаты Жарылғасын Шамбалаев партияның Мемлекет басшысының қоғамдық тірегі ретінде қазақстандықтарды саяси және экономикалық реформаларды табысты іске асыру үшін біріктірудегі рөлі ерекше екенін айтты.

«Съезде сөз сөйлеген «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов партиядан Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынып, делегаттар бұл шешімді бірауыздан қолдады. Сонымен қатар, Съезд барысында делегаттар партияның жаңа Саяси тұғырнамасын бекітті»,  деді ол.

«AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалы.

Posted Under
Санатталмаған