ШАҢҒЫШЫЛАР САЙЫСЫ

Қысқы спорттың ерекше бір түрі — шаңғы тебу. Осы шаңғыға бұқараны тарту мақсатында ауданда түрлі іс-шаралар қолға алынуда. Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Шалқар көлінің үстінде шаңғыдан өткізілген аудандық біріншілік  соның бір дәлелі.

Бұл біріншіліктің мақсаты — Қытай елінің Бейжің қаласында өткізіліп жатқан қысқы олимпиадаға қатысушы жерлестерімізді қолдап, тұрғындарды жалпы қысқы спортқа бау-лу болып табылады. Шаңғышылар сайысына аудан бойынша 60-тан астам сайыскер қатысты.  Олар жас ерекшеліктеріне қарай 18-29, 30-48 және 49 жастан жоғары болып бөлініп, ерлері 2000 метр, қыздары 1000 метр қашықтықты шаңғымен жүріп өтуден сынға түсті.

Жарыс барысында спорт бөлімінің басшысы Сұлтан Ерімбетұлы сөз сөйлеп, өткізіліп жатқан біріншіліктің мақсат-міндетіне тоқталып, қатысушы сайыскерлерге алғысын білдірді.

Қорытындысында 18-29 жастағы ерлер арасында 1 орынды Сарысай негізгі мекте-бінен Н.Бұқарбай, 2 орынды №6 орта мектебінен А.Қуантаев, 3 орынды №5 мектеп-лицейінен Қ.Алғазиев иеленді. 30-48 жастағы ерлер бойынша 1 орынды №6 орта мектебінен А.Пұсырманов иеленді. 2 орын Т.Шанов орта мектебінен келген Қ.Жұбаевқа тиесілі болды. 3 орын №5 мектеп-лицейінен қатысушы А.Досмановқа бұйырды. 49 жастан жоғарылар бойынша 1 орынды Жаңақоныс орта мектебінен қатысушы Е.Әметов жеңіп алды. 2 орын Шалқар аграрлық-техникалық колледжінен Ж.Көлденовке, 3 орын №6 орта мектебінен М.Аманғалиевке берілді.

18-29 жас аралығындағы қыздар бойынша 1 орынға Ә.Жангелдин атындағы орта мектебінен қатысушы Ә.Сәти лайықты деп танылды. 2 орынды №6 орта мектебінен А.Жарыл-қасова, 3 орынды Сарысай негізгі мектебінен А.Жеңіс иеленді. 30 жастан жоғарылар бойынша 1 орынды №6 орта мектебінен қатысқан Ә.Нұрманов жеңіп алды. Ә.Жангелдин атындағы орта мектебінен Р.Жасақбаеваға 2 орын, Шалқар аграрлық-техникалық колледжінен келген Ж.Жетесоваға  3 орын берілді.

Аты аталған жүлдегерлердің барлығына ұйымдастырушылар тарапынан арнайы Кубоктар мен медальдар және бағалы сыйлықтар табысталды.

 Көл үстінде өткізілген шаңғышылар сайысының жанкүйерлері мен қатысушыларына ыстық шай ұсынылды. 

М. БОҚАН.