Талқыға түскен бес мәселе

Аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтіп, күн тәртібінде ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің әлеуметтік тапсырысы негізінде Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының қатысуымен «Таlар» қолданбалы зерттеулер орталығы қоғамдық қорымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына жүргізілген қоғамдық мониторинг қорытындысы туралы, сондай-ақ 2021 жылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша бақылау шараларын жүргізу және есептілік мәліметтерді ұсыну бөлігінде Ақтөбе қаласы мен аудандық жергілікті атқарушы органдардың (ЖАО) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселесін үйлестіру жөнінде құрылымдық бөлімшелердің қызметтеріне талдау қорытындысы және ЖАО мен мемлекеттік корпорациясына жүргізілген қоғамдық бақылау қорытындысы, сондай-ақ, Кішіқұм ауылдық округінің жұмыстары, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі халыққа арнаған Жолдауын насихаттау, Шал-қар қаласынан жаңа мешіт салуға келісім беру туралы бес мәселе қаралды. Кеңесті аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Нұрлан Майкөпов ашып, жүргізді.

Алғашқы екі мәселе бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Ақтөбе облысы бойынша департаментінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді бақылау басқармасының бас маманы Марал Гильманов баяндама жасады.

Оның айтуынша, үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Ақтөбе қаласы мен аудандық ЖАО-мен электронды түрде көрсетілген жалпы барлық қызмет түрлерінің үлесі 78,4 пайызды құраған. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда электронды түрде қызмет көрсету үлесі 15,4 пайызға артқандығын байқауға болады. Атал-ған бағыттағы мониторинг қорытындысы бойынша Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдіктерімен бекітілген бақылау шаралары жоспарларына сәйкес бірінші жартыжылдықта бөлімдермен 78 бақылау шаралары жүргізіліп, оның дені Қобда, Шалқар, Байғанин аудандарында өткізілген. Нәтижесінде бірқатар кем-шіліктер де анықталған.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтердің электрондық түрлерін насихаттау мақсатында департамент тарапынан баннерлер үшін арнайы эскиздер, үлестірме брошюралар әзірленіп, ағымдағы жылдың алтыншы айында барлық мемлекеттік органдарға жолданылған. Қазіргі күні баннерлер ілген санаулы аудандар арасында Шалқар ауданының да бар екендігі айтылды.

Марал Гильманов мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына жүргізілген қоғамдық мониторинг нәтижесіне де кеңінен тоқталып, ауданымыздағы бірқатар мемлекеттік мекемелердің ішкі жұмыс барысында қателіктердің орын алғандығын айтып, жауапты тұлғалардың қаперіне салды. Сондай-ақ, халыққа қызмет көрсететін орындардың қызметін жетіл-діру бағытында ұсыныс-тілектерін жеткізіп, қоғамдық кеңес мүшелерімен пікірлесті.

Кішіқұм ауылдық округінде атқарылған жұмыстар бойынша аталған округтің әкімі Құрышбек Қазбеков баяндама жасап, ауылдың негізгі кәсібі мал шаруашылығын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды айтып, алдағы қысқа дайындығын да мәлім етті.

Қазіргі таңда округ бойынша 5395 бас мүйізді ірі қара, 9482 бас қой-ешкі, 2466 бас жылқы, 1585 бас түйе малы бар. Бұл өткен жылмен салыстырғанда төрт түлік басының артып келе жатқандығын аңғартады. Округте мал азығын дайындауға берілген екі айлық тапсырмада 25 мың тонна шөп дайындау жоспарланған болса, қазіргі сәтте оның 17100 тоннасы тасылып үлгерілген.

Ауылдық округ бойынша 44 шаруа қожалығы, бір ауыл шаруашылығы кооперативі жұмыс істеп тұр. Осы шаруа қожалықтары арқылы асыл тұқымды бұқалар мен қошқарлар алынып, мал басын асылдандыру бағытындағы жұмыстар бір жолға қойылып келеді екен. Биылдың өзінде 14 шаруа қожалығы 37 бас асыл тұқымды ақ бас бұқа сатып алған. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша «Нұрбек» шаруа қожалығы 10800 мың несие алып, 38 бас МІҚ сатып алған. Сол сияқты «Алтынбай-Сейіл» шаруа қожалығы 13520 мың теңгеге 350 бас қой, «Болат» шаруа қожалығы 8,0 млн. теңгеге 10 бас түйе, екі бас МІҚ малын сатып алуға құжаттар тапсырған. «Тұрар-Мекен», «Қасым» шаруа қожалықтары лизингке жаңа техникалар алған.

Ауыл әкімі округінде атқарылып жатқан осындай жаңашыл бастамаларды баяндап, қоғамдық кеңес мүшелері тарапына қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берді. Кеңес мүшелері тарапынан оған округте қой шаруашылығын дамыту, ауыл балаларын спортқа баулу секілді сауалдар қойылды.

Мемлекет басшысының осы жылғы қыр-күйек айында жолдаған Жолдауы бағытында өлкемізде атқарылар істер айтылып, алға қойылған міндеттер, жоспарлар жұртшылық назарына салынды. Бесінші мәселеде Шалқар қаласының Даму аймағынан жаңадан мешіт салуға келісім беру жайы көтеріліп, ол қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан бірауыздан мақұлданды.

Отырыс жұмысын қорытындылаған аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Нұрлан Май-көпов еліміздегі маңызды жаңалықтар мен атқарылып жатқан әрбір келелі істен баршамыздың хабардар болып отыру қажеттігін айтып, мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді жүзеге асыруға біркісідей жұмыла еңбек етуге шақырды.

М.БОҚАН.