Аймақтық тестілеу орталығы ашылды

Ағымдағы тоқсанда аудан орталықтарында, шағын және моноқалаларда, әрі шалғайда орналасқан ауылдық жерлерде жаңа аймақтық тестілеу орталықтарын ашу, ҰБТ-ны компьютерлік форматқа ауыстыруын жеделдетуді қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында №6 орта мектебінде «U-Study» аймақтық тестілеу орталығы ашылды.
Енді осы орталықта Шалқар және Ырғыз аудандарының оқушылары ҰБТ-ді компьютерлік форматта тапсыра алады. Сонымен қатар аудан ұстаздары да біліктілігін осы орталықтан арттыруға мүмкіндіктері бар. Бұнда 80 орындық 3 тестілеу кабинеті заманға сай жабдықталған.
Аймақтық тест орталығының ашылуы рәсіміне аудан әкімінің орынбасары Қ. Ақшолақ, қала әкімі Т.Төлегенов, ауданның білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Л. Мұрсаловалар қатысты. Ашылу лентасын аудан әкімінің орынбасары мен аймақтық тестілеу орталығының басшысы Н.Әжімұрат қиды.


А. Қадырқұлова,
Шалқар аудандық «U-Study» аймақтық тестілеу орталығының үйлестірушісі.