Чек талап ет те жүлде ұтып ал!

БКМ фискалдық чегін бермегені туралы хабарлаған жағдайда өтемақы төленеді.
Мемлекеттік кірістер комитеті БКМ фискалдық чегін бермеу фактілерін анықтау бойынша «Қоғамдық бақылау — түбіртекті талап ет» акциясы 2020 жылғы 12 мамырдан бастап қайта басталғаны туралы хабарлайды.
Қоғамдық бақылау — түбіртекті талап ет» акциясына кез-келген үміткер қатыса алады. Барлық жолданған өтініштер мемлекеттік кірістер органдарында қаралады.
App Store немесе Play market-тен «Wipon» мобилді қосымшасын тегін жүктеп алып, фискалды чекті бермеу бұзушылық фактілері туралы хабарлауға болады.
Әкімшілік жауапкершілікке тартуға негіз болады: фискалдық чектің басылмауы туралы сапалы бейне жазба; дүкен (шаштараз, кафе және т.б.) атауы және мекен-жайы; базардың атауы, базардағы орынның (бутиктің) нөмері; сауда үйінің (орталығының) атауы, сауда үйіндегі (орталығындағы) дүңгіршектің (бутиктің) атауы; Фискалды чекті бермеу фактісі расталған жағдайда телефонның теңгеріміне (1000 теңге) сыйақы алуға болады.
2019 жылы азаматтардың хабарлауы бойынша акция жүргізу барысында 940 дерек расталды, оларға 940 мың теңге сомасында сыйақы төленді. Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының барлық азаматтарын өздерінің азаматтық ұстанымын, заң бұзушылыққа төзбеушілігін білдіруге және «Қоғамдық бақылау — түбіртекті талап ет» акциясына белсенді түрде қатысуға шақырады.

Шалқар ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы.