БАСПАНАҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

Аудан әкімі Бауыржан Қаниев Наурыз мерекесі қарсаңында қала тұрғыны, тағдыр тауқыметіне тап болған мүгедек ұлы бар, көп балалы ана Гүлмира Фаткулинаға ауданның коммуналдық тұрғын үй қорынан Шалқар қаласынан жаңа үйдің кілтін табыстады.

Аудан әкімі аналарға, оның ішінде көп балалы аналарға Үкімет тарапынан әрдайым қолдау болатындығын айтып, келешекте де аз қамтылған отбасылар жағдайы жергілікті билік назарынан тыс қалмай, олардың мұқтаждықтарын бірігіп шешуге атсалыса беретіндігін жеткізді.

Өз кезегінде Г.Фаткулина аудан басшысының бұл құрметіне шынайы ризашылығын білдіріп, аналық алғысын жаудырды.