ТЕМІРЖОЛШЫЛАР ҚОЛДАЙДЫ

«Nur Otan» партиясы аудандық филиалына қарасты «Қамқор Локомотив» бастауыш партия ұйымында жиын өтіп, оған партия ардагерлері А.Қалыбаев, Н.Майкөпов, партияның аудандық филиалының консультанты Н.Мұрсалов, «Jas Otan» Жастар қанатының аудандық филиалының атқарушы хатшысы Ж.Абденова қатысты.
Партия ардагері, қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы Аманкелді Қалыбаев, Президенттің таяудағы Жолдауындағы межеленген жоспарларды орындау, дамыған елдер арасындағы бәсекелестікке ұмтылу жайына тоқталды. Соның ішінде кәсіпкерлік, салауатты өмір салтын насихаттау, мәдениет, ауыл шаруашылығы салаларында атқарылған және атқарылатын жұмыстарға тоқталды.
— Жолдауда көтерілген және одан туындайтын міндеттерді орындау жалғыз атқарушы биліктің ғана емес, барлық мемлекеттік органдардың, меншік түріне қарамастан кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың, бір сөзбен айтқанда бүкіл жұртшылықтың, барлығымыздың ортақ ісіміз. Әрбіріміз өз мақсатымызға белсенді әрекет жасасақ, нақты істер атқарсақ, Жолдау талаптары еңсерілері сөзсіз,— деді партия ардагері, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Нұрлан Майкөпов.
Кездесуді қорытындылаған «Қамқор Локомотив» бастауыш партия ұйымының төрағасы Нұржан Жұбатов ортақ жауапкершіліктерді сапалы орындап, жүзеге асыруда теміржолшылардың аянып қалмайтындығын айтып, мемлекеттік саясатты партия мүшелері әрқашан қолдайтындығын жеткізді.

«Nur Otan» партиясы Шалқар аудандық филиалы.