«Nur Otan» партиясы Шалқар аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы және депутаттық фракция мүшелері Шалқар қаласы көшелеріндегі автомобиль жолдарына жүргізілген жөндеу жұмыстарының сапасын бақылау мақсатында Қазанғап, Аяққұм, Гагарин, Абдуллин көшелеріне мониторинг жүргізді. Аталған автомобиль жолдарының орташа жөндеу жұмыстарын мемлекеттік сатып алу жеңімпазы «Бақ-Тұрған» ЖШС мен «ТенгриСтройИнвест» ЖШС өкілдерімен кездесіп, анықталған кемшіліктерді, оның ішінде Гагарин көшесі мен Ақтөбе көшесінің қиылысындағы суағарларды қалпына келтіру, Қазанғап көшесі мен Жақсыбаев көшесі қиылысындағы ауыз су бұранының жол жиегіне жақын орналасуына байланысты қауіпсіз жерге көшіру туралы және тағы да басқа кемшіліктерді жою жөнінде тапсырмалар берілді. Алдағы уақытта аталған көшелер бойынша мониторинг жұмыстары қайта жүргізілетіні айтылды.
«Nur Otan» партиясы аудандық филиалы ғимаратында партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ халыққа қызмет көрсету бойынша Шалқар аудандық бөлімі арқылы көрсетілген қызметтердің сапасы және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және бақылау бойынша атқарылған жұмыстың есебі тыңдалды.
— Халыққа қызмет көрсету саласы бойынша осы жылдың 7 айында 21457 құжат қабылданып, 22431 құжат таратылды. Сонымен қатар, E-gov. mgov мобильдік базасына 1466 адам тіркеліп, мемлекеттік қызметті онлайн алып отыр, — дейді «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕ АҚ Халыққа қызмет көрсету бойынша Шалқар аудандық бөлімінің басшысы Сәулехан Күнтлеуова. Аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы м.у.а. Гүлнар Елшібаеваның айтуынша, бағаны тұрақтандыру мақсатында ірі сауда орындарымен барлығы 71 өзара ынтымақтастық меморандумы жасалған. Арнайы құрылған мониторингтік топ осы меморандумның іске асуын қадағалайды.
Комиссия төрағасы О.Уксакбаевтың төрағалығымен өткен отырыстың қорытындысы бойынша қаулы қабылданып, нақты тапсырмалар берілді.
«Nur Otan» партиясы Шалқар аудандық филиалы.