30 тамыз — ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫ КҮНІ

Құрметті Шалқарлықтар!

Сіздерді мемлекеттік мереке — Қазақстан Республикасы Конституциясы күнімен құттықтаймын!
Бұл күн — еліміздің тұрақтылығы мен гүлденуінің негізіне айналған, әрбір қазақстандықтардың еркіндігі мен құқығының кепілдемесі болып саналатын Ата Заңымыздың қабылданған күні. Еліміздің Ата Заңы жаңа Қазақстан жетістіктерінің кепіліне айналды. Тиімді құқықтық жүйені орнықтыру арқылы біз экономикалық өсімге және қоғамның әл-ауқатының артуына қол жеткіздік. Әкімшілік және құқықтық реформалар, жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту, әлеуметтік жаңғырту мұның бәрі берік конституциялық негізде жүзеге асырылуда және халықтың өмір сүру деңгейін одан әрі ұлғайтуға бағытталған.
Тәуелсіз мемлекетіміздегі барша тарихи оқиғалар мен саяси байланыстар, алға қойған мақсаттар мен қол жеткен жетістіктеріміз осы қасиетті құжаттан бастау алып, еліміздің азаматтарының баянды бастамаларына әркез дем беріп келеді. Қоғам мен биліктің тұрақтылығын қамтамасыз етуде Конституциялық принцип және оның нормасы еліміздің тәуелсіздігін, эконокомикалық реформасын нығайтудың басты құралына айналды. Ең бастысы, қоғамда ауызбіршілік, бейбітшілік пен келісім мығым орнығып отыр. Осы жетістіктердің барлығы біздің Конституциямыздың негізінде жатыр. Зайырлы қоғамның барша заңдылығын сақтап, Қазақстан халқының бірлігіне жол бастаған Ата Заңымыз отандастарымыз үшін кемел келешектің кепіліне айналды.
Құрметті жерлестер!
Осы бір мерейлі мерекемен баршаңызды құттықтай отырып, әрқайсыңыздың дендеріңізге саулық, отбастарыңызға бақыт тілеймін! Әркез толымды табыстарыңызбен, биік жетістіктеріңізбен Тәуелсіз еліміздің гүлденуінде үлес қоса берулеріңізге тілектеспін.

Аудан әкімі Бауыржан ҚАНИЕВ.