КӨМЕГІ КӨП КӨШПЕЛІ СЕМИНАР

Аудандық соттың төрағасы Оралбек Бақтыгереев «Татуласу: сотқа дейін, сотта», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл», «Еңбек даулары және жария құқықтық қатынастардан туындайтын даулардың алдын алу» және өзге де тақырыптарда Шалқар жөндеу локомотив депосы мен Шалқар айналым депосының жұмыскерлері арасында көшпелі семинар өткізді.

Төраға қатысушыларға «Сот төрелігінің жеті түйіні» бағдарламасының жүзеге асып жатқандығын, «Татуласу: сотқа дейін, сотта» жобасының маңыздылығын атады. Дауларды шешудің баламалы жолдарын көрсету барысында, медиация институтын дамытудың және билер кеңесінің маңыздылығы мен аудан бойынша дауларды реттеу тәжірибесінен мысалдар келтірді. Сонымен қатар, дау жанжалды сотқа дейін шешудің маңыздылығын айқындай отырып, кәсіподақ мекемелерінің дауларды шешуде қандай рөл атқаратындарын түсіндірді. Оның басты мақсаты — қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау. Кәсіподақ мекемелері еңбек дауларын болдырмауға барынша назар аударулары керек.

Семинар барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері де қозғалды.

Нұржамал Ерниязова, аудандық соттың кеңсе меңгерушісі.