23 ақпан күні партияның аудандық филиалы ғимаратында Шалқар аудандық мәслихатындағы «AMANAT» партиясының депутаттық фракциясы мен партияның аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының бірлескен отырысы өтті.
«AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалының атқарушы хатшысы, депутаттық фракция жетекшісі Жарылғасын Шамбалаевтың төрағалығымен өткен жиынға депутаттық фракция мүшелері мен партиялық бақылау комиссиясының мүшелері, Шалқар аудандық мәслихатының төрағасы Сқақ Бигеев, Шалқар ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Сұлтан Джуманов, Шалқар ауданы әкімінің орынбасары Бектұрған Зайрымбет, аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Аян Қорқытұлы, Шалқар ауданының төтенше жағдайлар бөлімі бастығының міндетін уақытша атқарушы, азаматтық қорғау капитаны Ануар Уакитов, «Ұлы Борсық» КММ-нің директоры Бақытқали Абдолов қатысты.
Күн тәртібінде Ақтөбе облысы бойынша «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасының Шалқар ауданында жүзеге асырылуы және Шалқар ауданы бойынша су тасқынын алдын алу мәселесі қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Аян Қорқытұлы және Шалқар ауданының төтенше жағдайлар бөлімі бастығының міндетін уақытша атқарушы, азаматтық қорғау капитаны Ануар Уакитов баяндама жасады.
«AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалы.