Шалқар станциясында көпшілік орындарда құқық бұзушылықтың алдын алу үшін тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізуді жалғастырып келеді. Биылғы жылдың желтоқсан айының 14,15 күндері теміржол бойында және жолаушылар пойыздарында полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.
Е. ҚҰЛМАНОВ, Шалқар ст.ЖПб-нің бастығы, полиция капитаны.