Қандыағаш ст . Желілік полиция бөлімінің Шалқар ст.ЖПб қызмет ету аймағында 2023 жылдың желтоқсан айының 1-3 аралығында «Стоп трафик» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның басты мақсаты — қызмет ету аймағында жолаушылар пойыздарында адам саудасымен, оларды тартумен, ұрлаумен бас бостандығынан заңсыз айырумен байланысты қылмыстарды ескертуге, жолын кесуге, анықтауға және ашуға бағытталған, сондай-ақ жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастырудың және ұстаудың жолын кесуге бағытталған іс-шара.
Іс-шара аясында Шалқар ст. ЖПб-нің қызметкерлерімен қызмет ету аймағында профилактикалық жұмыстар ұйымдастырылып жүргізілуде. Егерде Сіз аталған қылмыстың құрбаны немесе куәсі болсаңыз, мына телефон нөміріне хабарласуыңызға болады: Қандыағаш ст. Желілік полиция бөлімі: 8 (71333) 70-2-26
Е. ҚҰЛМАНОВ, Шалқар ст.ЖПб-нің бастығы, полиция капитаны.