«AMANAT»партиясы жанындағы аудандық «ЖАСТАР РУХЫ»-ның ұйымдастырумен №2 мектеп-гимназияда жоғары сынып оқушылары арасында «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының Ұланбасын ұлықтау және мектеп президентін сайлау рәсіміне арналған салтанатты жиын өтті.
Жиынға Аудандық мәслихат депутаты, депутаттық фракция мүшесі Айгүл Шалабаева , партия ардагері,зейнеткер ұстаз Майкөпов Нұрлан Майкөпов, аудандық партия филиалының саяси кеңес мүшесі Айнагүл Жұмағұлова, аудандық жастар ресурстық орталығының заңгері Қанат Төлешов қатысты.
Іс-шараның мақсаты — жастардың патриоттық сезімін,саналы азаматтық ұстанымын қалыптастыру және тәрбиелік әлеуеттік мәнін арттыру болып табылады.
Amanat партиясы Шалқар аудандық филиалы.