Ағымдағы жылдың 21-25 тамызы аралығында Шалқар қаласындағы №1 мектеп-гимназиясы мен №2 мектеп-гимназиясы ғимаратында «AMANAT» партиясы, «Halyk Bank» АҚ және «Ұлы Дала» ауылдық бизнесті дамыту қауымдастығымен бірге жүзеге асырып жатқан «Қарызсыз қоғам» қаржылық сауаттылықты арттыру жобасы аясында тұрғындарға қаржылық сауаттылықты арттыру оқуы өтті.
200-ге жуық тұрғын қатысқан оқуды Астана қаласынан келген қаржылық сарапшылар Айгүл Сексенова және Алма Қазбанова жүргізіп, несие қарызының санын қалай азайтудың қандай жолдары бар екенін, алаяқтық әрекетті анықтауды және қаржы пирамидасынан қалай аулақ болу керек екенін түсіндірді. Сонымен қатар, «Ауыл аманаты» бойынша кәсіп ашамын деген тұрғындардың бизнес жоспар жасауына көмек көрсетіп, жеке қабылдау өткізді.
Оқуға қатысушылардың көп бөлігі бюджеттік сала қызметкерлері, көпбалалы аналар, жұмыссыздар, кәсіпкерлер, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, бала күтімімен отырған аналар құрады. Барлық қатысушыларға арнайы сертификат табысталды.
Айта кетерлігі, қаржылық сауаттылықты арттыру жобасы аясында тұрғындарға арналған тегін оқу Шалқар ауданында әлі де жалғасатын болады. Оқуға қатысуға ниет білдірушілер «AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалына келуге немесе 8(71335)22-2-98, 87784911531 байланыс нөмірлеріне хабарласуға болады.
«AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалы.