Ағымдағы жылдың 17 тамыз күні Шалқар аудандық мәслихатының депутаттары, фракция мүшелері Гүлсім Оралмағанбетова, Айгүл Шалабаева, Алия Оспанова, «AMANAT» партиясының аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Әлия Әбдіғапарова және партияның аудандық филиалының консультанты Нұрболат Мұрсалов Шалқар аграрлық-техникалық колледжінің жатақханасына барып, мониторинг жүргізді.
Барлығы 36 студентке жасақталған жатақхана барлық қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген. Колледж студенттері үшін арнайы демалыс және оқу залы бар.
Мониторинг барысында партияның аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Әлия Әбдіғапарова Шалқар аграрлық-техникалық колледжінің студенттері үшін жатақханада барлық жағдай жасалғанын айтып, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.
«AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалы.