Шалқар аудандық мәслихатындағы «AMANAT» партиясының депутаттық фракция мүшелері халықты толғандыратын мәселелерді белсенді көтеріп, жобаларға қолдау көрсетіп келеді. Фракция мүшелерінің жыл бойы атқарған жұмыстары туралы аудандық мәслихаттағы фракция жетекшісі Жарылғасын Шамбалаев партия филиалында өткен брифингте айтып берді.
Оның айтуынша, ағымдағы жылы аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясының депутаттық фракциясының 6 отырысы өткізіліп, Сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі Жол картасын орындау барысы және аудан тұрғындарының мәселелері қаралды. Жол картасы аясында жүргізіліп жатқан әлеуметтік нысан құрылыстары мен жөндеу жұмыстарының орындалуына фракция мүшелері мониторинг жасап, рейдтер жүргізуде.
Мәселен, партияның Сайлауалды бағдарламасы аясында Айшуақ ауылдық округі Бегімбет ауылында спорт кешені пайдалануға берілсе, Қауылжыр ауылдық округінде ауылдық клуб ғимараты салынып жатыр. Барлық құрылыс жұмыстары аманаттық депутаттардың бақылауымен жүзеге асып келеді.
Депутатық фракция мүшелері партияның аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде 21 қабылдау өткізді. Қабылдауға барлығы 43 адам келген, 28 адамның мәселесінің оң шешілуіне фракция мүшелері тікелей атсалысты.
Сонымен қатар, фракция мүшелері Астана қаласында өткен «AMANAT» партиясынан сайланған мәслихат депутаттарының бірінші форумына қатысып келді. Аталған шара фракция мүшелерінің тәжірибе алмасуына, жергілікті мәселелерді шешу жолдарын анықтауға, тиімді тәсілдерді іздеуге көмек беретін мүмкіндік болды.
«AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалы.