«Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

Көліктегі полиция департаментінің қызмет ету аумағында ағымдағы жылдың шілде айының 24-28 аралығында «Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Іс-шараның басты мақсаты «дәріханалық нашақорлық» құрамында есірткі және психотроптық заттар бар дәрілік құралдарды рецептсіз босату, жүйкеге әсер ететін заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына тосқауыл қою, контрабандалық әкелу мен әкетуді, сондай-ақ бақылаудағы заттарды заңсыз айналымға шығару деректерін анықтау және олардың жолын кесу болып табылады. Сонымен қатар, аталған іс шара аясында химия-фармацевтикалық, өнеркәсіптік, жеке кәсіпкерлік субъектілері, дәріханалар мен медициналық мекемелерінін құрамында есірткі құралдары және психотроптық заттар бар дәрі-дәрмектердің заңсыз айналымға түсуіне жол бермеу, арнайы рұқсатсыз жеке медициналық тәжірибемен және жеке фармацевтикалық жұмыспен айналысатын тұлғаларды анықтау болып табылады.

Е. ҚҰЛМАНОВ, Шалқар ст.ЖПб-нің бастығы, полиция капитаны.

Posted Under
Санатталмаған