Ағымдағы жылдың 3 шілдесі күні Шалқар ауданында «AMANAT» партиясы, «Halyk Bank» АҚ және «Ұлы Дала» ауылдық бизнесті дамыту қауымдастығымен бірге жүзеге асырып жатқан «Қарызсыз қоғам» қаржылық сауаттылықты арттыру жобасы аясында тұрғындарды оқыту басталды.
Тұрғындардың қаржылық сауатын арттыруға атсалысып жатқан қаржылық сарапшы Айгүл Сексенова қаржы мәселесі қалай пайда болатынын, дәл қазіргі уақыттағы несие қарызының санын қалай азайтудың қандай жолдары бар екенін, алаяқтық әрекетті анықтау жолдарын және қаржы пирамидасынан қалай аулақ болу керек екенін түсіндіруде.
Қаржылық сауатын арттыру оқуына қатысушылар арасында көпбалалы аналар, жұмыссыздар, кәсіпкерлер, бюджеттік сала қызметкерлері, өзін – өзі жұмыспен қамтығандар, бала күтімімен отырған аналар бар.
Оқу «AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалы ғимаратында өтіп жатыр. Оқуға қатысуға ниет білдірушілер 8(71335)22-2-98, 87784911531 байланыс нөмірлеріне хабарласуға болады.
«AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалы.