Ағымдағы жылдың 14 маусым күні «AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Әлия Әбдіғапарова және комиссия мүшесі, партияның аудандық филиалының атқарушы хатшысы, депутаттық фракция жетекшісі Жарылғасын Шамбалаев, комиссия мүшесі, аудандық мәслихат депутаты Айгүл Шалабаева, комиссия мүшелері Жалмұқан Өтеген, Нағашыбай Мәмбетов, Ерлан Әбдікерім, Нұрболат Мұрсалов Шалқар қаласын ауыз сумен қамтамасыз етіп отырған ұңғымаларға барып, мониторинг жасады.
Мониторинг барысында жаз айларында ауыз судың тапшылығын азайту үшін қосымша ұңғымалар қазу қажет екендігі анықталды. Алдағы уақытта аталған мәселе бойынша тиісті ұсыныстар берілетін болады.
«AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалы.