Партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы

Ағымдағы жылдың 14 маусым күні «AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы өтті. Жиынға партияның аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Әлия Әбдіғапарова және жаңадан бекітілген комиссия мүшелері партияның аудандық филиалының атқарушы хатшысы, депутаттық фракция жетекшісі Жарылғасын Шамбалаев, аудандық мәслихат депутаты Айгүл Шалабаева, партияның белсенді мүшелері Жалмұқан Өтеген, Нағашыбай Мәмбетов, Ерлан Әбдікерім, Нұрболат Мұрсалов қатысты.

Жиында Шалқар қаласы бойынша туындаған ауыз су мәселесі туралы «Ұлы Борсық» КМК директоры Бақытқали Абдоловтың баяндамасы тыңдалды. Сонымен қатар, партиялық бақылау комиссиясының 2023 жылға арналған іс-шаралар жоспары пысықталды.

Жиын соңында күн тәртібіндегі мәселе бойынша ұсыныстар айтылып, тиісті қаулылар қабылданды.

«AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалы.

Posted Under
Санатталмаған