Ағымдағы жылдың 8 маусым күні Шалқар аудандық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы фракциясының кеңейтілген жиналысы өтті. Жиынның күн тәртібінде Шалқар ауданы бойынша партияның Сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасын жүзеге асырылуы бойынша депутаттық фракция мүшелерінің есебі тыңдалды.
«AMANAT» партиясы – халықтың әл-ауқатын арттыру жолында жұмыс жасап, сайлауалды үгіт-насихат кезіндегі берілген уәделерді жүзеге асырып келеді. Әрбір депутаттық фракция мүшесі өзіне жүктелген Партияның Сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасының тармақтарының орындалуын қатаң бақылауға алу қажет,- деді жиынға төрағалық жасаған аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі Жарылғасын Шамбалаев.
Алдағы уақытта депутаттық фракция отырысында Жол картасының орындалу барысында туындаған мәселелер бойынша жергілікті атқарушы орган басшыларының баяндамасы тыңдалатын болады.
«AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалы.