ПАРТИЯ ҒИМАРАТЫНДА «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 8 маусым күні «AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалы ғимаратында партияның «Халыққа көмек» жобасы аясында «Ашық есік күні» акциясы өткізілді.

Шара барысында «Халыққа көмек» партиялық жобасы аясында партияның аудандық филиалының атқарушы хатшысы, аудандық мәслихат депутаты Жарылғасын Шамбалаев, аудан әкімінің орынбасары Амангелді Қонақбаев, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Алия Бурамбаева, ауданның білім бөлімінің бөлім меңгерушісі Лаура Мурсалова, аудан әкімдігіне қарасты халықты жұмыспен қамту орталығының маманы Мырзағали Жаңабергенов тұрғындарға қабылдау жүргізді.

Мәселен, қабылдауға келген Шалқар қаласының тұрғыны Жанар Серікова «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында өз кәсібін кеңейтуге кеңес сұрады. Аталған өтініш бойынша «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы несие алу жолдары түсіндірілді.

Сонымен қатар, қоғамдық қабылдауға келген тұрғындар жұмысқа орналастыру мәселелерін айтты. Тұрғындардың әрбір өтінішіне толыққанды жауап беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

«AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалы.

Posted Under
Санатталмаған