4 маусым — Мемлекеттік рәміздер күнінде қаламыздағы орталық саябақтың Тутұғыры алдында салтанатты жиын болды.
Аудан әкімі Жанболат Жидеханов жиналған қауымды Рәміздер күнімен құттықтап, мемлекеттік рәміздер елдігіміздің символы екендігіне тоқталды.
Аудандық мәслихат депутаттары, бөлім, мекеме басшылары мен қызметкерлері, аудандық ардагерлер, аналар кеңесінің мүшелері және жастар Мемлекеттік Гимнді бір мезгілде орындайтын республикалық акцияға орталық саябақтан үн қосты. Осы патриоттық шараны ауданымыздағы барлық мекеме ұжымдары бір мезетте қолдап, Гимнді шырқады.
Рәміздер күні мерекесіне орай аудан бойынша көк байрағымызды биікте ұстаған шерулер мен түрлі шаралар ұйымдастырылды.