«Еркін ел ұрпағы» жалпыұлттық республикалық диктант

Шалқар ауданындағы мемлекеттік мекемелер мен білім беру ұйымдарында «Еркін ел ұрпағы» тақырыбында жалпыұлттық республикалық диктант алынды.

Мақсаты — еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін дәріптеу, ұлттық құндылықтар мен ұлттық мұраттарды бойына сіңірген патриоттық рухтағы ұрпақ тәрбиелеу.

Республикалық диктант аясында аудандағы мемлекеттік мекемелердің мамандары мен 2000-нан астам мектептердің 9, 10, 11 сынып оқушылары жалпыұлттық патриоттық диктантқа белсенділікпен қатысты.

Posted Under
Санатталмаған