Шалқар станциясының Желілік полиция бөлімшесінің қызмет ету аумағында сәуір айының 26-28 аралығында “Құқықтық тәртіп” атты жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның басты мақсаты — темір жол бойындағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Сондай қылмысты болдыртпау, алдын алу және ашу. Одан басқа әкімшілік құқық бұзушылық іс-әрекеттерді анықтау болып табылады.
Сонымен қатар “Қару” профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның басты мақсаты — қару, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жару қондырғыларының, сондай-ақ екі мақсаттардағы өнімдерді заңсыз дайындауға және олардың айналымын алдын алу, анықтау болып табылады.
Е. ҚҰЛМАНОВ, Шалқар ст.ЖПб-нің бастығы, полиция капитаны.