Сенбілік — тазалық бастауы

Шалқар ауданы әкімінің қаулысына сәйкес осы жылдың 1 сәуірі мен 21 мамыры аралығында екі айлық санитариялық тазалық айлығы жарияланып, көріктендіру, көгалдандыру, абаттандыру және санитариялық тазарту жұмыстары қолға алынуда.

Қоршаған ортаның тазалығы адам өміріне әсер етеді. Тазалық болмаған жерде бейберекетсіздік белең алып, қоршаған ортаға қауіп төндіріп, адам денсаулығына зияны тиетін факторлар болуы мүмкін. «Тазалық — табалдырықтан басталады» демекші, тазалық әр үйдің, мекеменің ауласынан басталады. Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау, қоршаған ортаны таза ұстау — әрбір азаматтың басты міндеті, парызы. Әр бизнес нысандары, кәсіпорындар, еңбек ұжымдары, жеке үйлердің тұрғындары өздеріне тиесілі аумақтарды тазалау және абаттандыру жұмыстарын жүргізуі қажет.

Қала, елді мекен тазалығына үлес қосу — туған жерге деген қамқорлық болып табылады. Біздің қала бұл — біздің ортақ үйіміз. Қаланың, елді мекеннің тазалығы өзімізге сын.

Осыған байланысты біз барлық қала тұрғындарын, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер мен жеке ұйымдардың басшыларын апта сайынғы екі айлық сенбілікке біркісідей белсене қатысып, әрбір ұжым бөлінген аумақтарда, көшелерде тазалық және абаттандыру жұмыстарын жүргізіп, айналамыздың ажарлана түсуіне үлес қосуға шақырамыз.

Алдағы уақытта да туған өлкеміздің тазалығы сенбілік шараларымен шектеліп қалмауы керек, өз қаламыздың тәртібі мен тазалығына бірге атсалысайық.

Шалқар аудандық санитариялық- эпидемиологиялық бақылау басқармасы.

Posted Under
Санатталмаған