Түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Шалқар станциясындағы желілік полиция бөлімшесінің қызмет аумағы бойынша  жолаушы пойыздарының жолаушылары мен  пойыз құрамының жолсеріктеріне полиция қызметкерлері интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

         Сонымен қатар жолаушылардың назарына өзінің жеке мүліктерін қараусыз қалдырмауға және теміржол бойындағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға профилактикалық сұхбаттар өткізілді. Жыл басынан бері теміржол бойында жолаушылар пойыздарында әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін  жиырманың үстінде жолаушылар түсіріліп, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген баптар бойынша әкімшілік хаттама жасақталып, оның ішінде ұсақ бұзақылық жасағаны үшін іс-құжат сотқа жолданды.

        Сондықтан жолаушылардың назарына теміржол бойында қауіпсіздік ережелерін сақтап, әкімшілік құқық бұзушылықты жасамауға шақырамыз.

Е.ҚҰЛМАНОВ,

Шалқар станциясындағы желілік полиция бөлімшесінің бастығы,полиция капитаны.

Posted Under
Санатталмаған