“Құқықтық тәртіп” профилактикалық іс-шарасы өтуде

Қараша айының 9-11 аралығында Шалқар станциясындағы Желілік полиция бөлімшесінің қызмет атқару аумағында республикалық деңгейде “Құқықтық тәртіп” профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

        Іс-шараның басты мақсаты — теміржол аумағында оқыс оқиғаларға жол бермеу, қылмыстың алдын алу, жолын кесу, анықтау және әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу болып табылады. Сонымен қатар теміржол бойындағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұраймыз.

Е. ҚҰЛМАНОВ, Шалқар ст. ЖПБ-нің бастығы, полиция капитаны.

Posted Under
Санатталмаған