«Amanat» партиясы аудандық филиалы ғимаратында салтанатты жиын өтті. Шараға аудан әкімі, партияның аудандық филиалының төрағасы Жанболат Жидеханов, аудандық мәслихат хатшысы Сқақ Бигеев, референдумды өткізу жөніндегі партияның жанынан құрылған аумақтық штаб төрағасы Жарылғасын Шамбалаев және штаб мүшелері қатысты.
Алғашқы болып сөз сөйлеген аудандық партия филиалының төрағасы Жанболат Жидеханов, аумақтық штаб мүшелеріне Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жалпыұлттық референдумда белсенділік танытып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына белсене қатысқандары үшін алғысын білдірді.
Жиын барысында «Amanat» партиясымен бірлесе халқымыздың ынтымағы мен мемлекетіміздің мүддесі үшін атқарған еңбектері үшін
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатымен С.Оразбай, Н.Мәмбетов, «Amanat» партиясының төрағасы Е.Қошановтың Алғыс хатымен А.Қалыбаев, Ә.Әбдіғапарова, Ж.Абденова, «Amanat» партиясының атқарушы хатшысы А.Ораловтың Алғыс хатымен А.Ізтілеуова, А.Шалабаева марапатталды.
«Amanat» партиясы Шалқар аудандық филиалы.