ҰБТ МЕРЗІМДЕРІ ШЕГЕРІЛДІ

Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына түсу үшін өткізілетін Ұлттық бір-ыңғай тестілеу туралы тағы да бір айтып  өткеннің артықтығы жоқ.

Ұлттық бірыңғай тестілеу — орта мектеп бітірушілері мен арнайы орта білім алған оқу орындарының түлектеріне арналған емтихан нысаны болып табылады.

Өздеріңізге белгілі, 2021 жылы наурыз айынан бастап ҰБТ электронды форматқа көшіріліп өткізілді. ҰБТ өткізу пункттерінде (ҰБТӨП) «1 тестіленуші — 1 компьютер — 1 камера» қағидаты бойынша электрондық форматта болады. Мұндағы ерекшеліктер, тестке қатысушылар тестілеу күнін, уақытын және орнын өз бетінше таңдайды және тест аяқталған соң қорытындысын сол сәтте біле алады. Яғни, мектеп түлектерінің қаңтар, наурыз, маусым, тамыз айларында тест тапсыруға 4 мүмкіндігі бар. ҰБТ аймақтық тестілеу орталығында өткізіледі (АТО) Шалқар қаласы, Ә.Жангелдин көшесі 89А .

1. Кезең өтініш беру — 24 желтоқсан мен 5 қаңтар аралығы, тестілеудің мерзімі 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығы. Ақылы түрде 5640 теңге.

2. Кезең өтініш беру — 20 ақпан мен 10 наурыз аралығы, тестілеудің мерзімі 1-31 наурыз аралығы. Ақылы түрде 5640 теңге.

3. Кезең өтініш беру — 1 мамыр мен 10 маусым аралығы, тестілеудің мерзімі 1-30 маусым аралығы. Тегін тапсырады.

4. Кезең өтініш беру — 15-30 шілде аралығы, тестілеудің мерзімі 10-20 тамыз аралығы. Ақылы түрде 5640 теңге.

Бұл мүмкіндіктердің оқушыларға берері  көп деп ойлаймын:

– тестілеу технологиясымен танысады;

– психологиялық дайындықтан өтеді;

– аудиторияда жұмыс жасау мүмкіндігі;

– тест тапсырмаларымен танысады, тағы сол сияқты.

Бар мүмкіндіктеріңізді жіберіп алмай, өз білімдерін көрсетіп және қалаған оқу орнына түсіп, жақсы мамандық иесі атанудың сәті түссін дегім келеді.

Аймақтық тестілеу орталықтарында (АТО) барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, карантиндік шектеулер сақталады.

Елімізде төтенше жағдай режимінің енгізілуіне байланысты 2022 жылғы 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өткізілуі жоспарланған ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі-ҰБТ) 25 қаңтар мен 22 ақпан аралығында өткізілетінін хабарлаймыз. Бұл ретте, 11 қаңтар мен 24 қаңтар аралығындағы жоспарланған ҰБТ келесі күндерге:

– 11 қаңтарда өткізілетін ҰБТ 29 қаңтарға;

– 12 қаңтардағы ҰБТ — 5 ақпанға;

– 13 қаңтардағы ҰБТ — 11 ақпанға;

– 14 қаңтардағы ҰБТ — 12 ақпанға;

– 15 қаңтардағы ҰБТ — 21 ақпанға;

– 17 қаңтардағы ҰБТ — 14 ақпанға;

– 18 қаңтардағы ҰБТ — 15 ақпанға;

– 19 қаңтардағы ҰБТ — 16 ақпанға;

– 20 қаңтардағы ҰБТ — 17 ақпанға;

– 21 қаңтардағы ҰБТ — 18 ақпанға;

– 24 қаңтардағы ҰБТ — 19 ақпанға шегерілетін болады. Сондай-ақ басқа мерзімге жоспарланған ҰБТ өз уақытымен өтеді.

Асылан ШАМШИН, Ұлттық тестілеу орталығы Шалқар қаласындағы филиал басшысы