АЯУЛЫ ЖАНДАР — ҚОҒАМЫМЫЗДЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ

Ардақты аналар!
Аяулы арулар!

Сіздерді 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Әйелдер қауымы — әрдайым отбасының ұйытқысы, береке-бірліктің бастауы. Сіздер өмірді нұрландырып, шаңыраққа шаттық нұрын себесіздер. Сіздердің қолдауларыңыз әркімнің жүрегінде сенімділік ұялатып, шуақ сыйлайды. Осы айрықша қасиеттеріңіз мәңгілік салтанат құрып, елге ырыс-құт дарытады.
Бүгінгі күні нәзік жандылар еліміздің экономикалық, әлеуметтік, саяси, рухани салаларында белсенділік танытып, Тәуелсіздіктің тұғырлы болуы мен өркендеуіне зор үлестерін қосып жүр. Биыл ел Тәуелсіздігіне 30 жыл толғалы отыр. Осы аралықтағы жас мемлекетіміздің қол жеткізген жетістіктері мен бағындырған биіктерінде әйелдер қауымының да үлесі бар. Қашаннан да елдік мәселелерде асыл аналарымыз бен аяулы аруларымыз ұлт тағдырына араласып, есімдері тарих жылнамасына мәңгілікке жазылып келеді.
Өлкеміздің білім мен денсаулық, мәдениет пен әлеуметтік салаларының негізгі жүгін әйелдер қауымы көтеріп отыр. Олар сонымен қатар шағын кәсіпкерлік саласында да, ауыл шаруашылығын дамытуда елеулі жетістіктерге жетіп жүр. Демек, аяулыларымыз отбасындағы ана, адал жар ғана емес қоғамымыздың қозғаушы күші ретінде де танылғанын мойындаймыз.
Қымбатты ханымдар!
Сіздерді осы тамаша мерекелеріңізбен тағы да құттықтай отырып, баршаңызға зор денсаулық, қажымас қайрат, мәңгілік сұлулық пен отбасы бақытын тілеймін.
Жүздеріңізден күлкі, көңілдеріңізден қуаныш кетпесін!

Аудан әкімі Жанболат ЖИДЕХАНОВ.