ҚҰТҚАРУШЫЛАР КҮНІ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ

Аудан әкімі Жанболат Жидеханов 19 қазан — Құтқарушылар күніне және азаматтық қорғау саласының 25 жылдық мерейтойына орай осы салада қызмет етіп жүрген азаматтарды қабылдап, мерекелерімен құттықтады.
Қиындығы мен жауапкершілігі қатар жүретін кәсіптерінде табысты еңбек етулеріне тілектестігін білдірді. Өз саласында аянбай еңбек етіп жүрген бір топ азаматтық қорғау қызметкерлерін Алғыс хатпен марапаттады. Олардың қатарында Кендебай Балышов, Қуанар Баймурзин, Ержан Дүйісов, Нұрлан Ибрашев, Ғанибек Утешов, Жанахмет Худайсүгіров сынды өз істерінің шеберлері бар.
Өз кезегінде аудандық төтенше жағдайлар (ТЖ) бөлімі бастығының міндетін атқарушы К.Балышов көрсетіліп жатқан құрметке, қолдауға алғысын айтып, азаматтық қорғау саласының 25 жылдық мерейтойы қарсаңында Ақтөбе облыстық ТЖ департаментінің бастығы Марғұлан Аманбаевтың Алғыс хатын аудан әкімі, аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның төрағасы Жанболат Жидехановқа табыс етті. Осындай Алғыс хатын аудан әкімінің орынбасары, аталған комиссия төрағасының орынбасары Мақсат Әлібековке, қала әкімі Тұрлан Төлегеновке, аудан әкімі аппаратының ТЖ әскери жұмылдыру жөніндегі бас маманы Қайрат Құдияровқа, өрт кезінде көмек көрсеткен тұрғын Азамат Ермағанбетовке табыстады. Сонымен қатар, аудандық ТЖ бөлімінің азаматтық қорғау саласында ұзақ жыл қызмет атқарған Нұрзат Жылқыбаев «Ардагер-Ветеран» арнайы төсбелгісіне ие болды.