АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРМЕН ТАНЫСТЫ

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы Жайсаң Қуатұлы Ахметов және облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржауған Серікұлы Қалауов жұмыс сапарымен ауданымызда болды.
Аудан әкімі Жанболат Жидеханов ауданда іске асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар мен әлеуметтік жобалардың орындалу барысымен таныстырды.
Қонақтардың Мырзағұл Шыманұлы ауылына су құбырын жүргізу жұмыстарының барысымен танысудан басталған жұмыс сапары «Анаға тағзым» орталығында аудандағы ардагерлер кеңесінің мүшелерімен болған сұхбатпен жалғасты.
Сондай-ақ, сапар барысында ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы «Жұмыспен қамтудың жол картасы — 2020» бағдарламасы аясында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген нысандардың жұмыс барысымен танысты.