АЗАМАТТАРДЫҢ ЖАНАШЫРЛЫҒЫ

Ел басына туған қатерлі дертпен күресуге бүгінгі таңда тұтас қоғам болып атсалысуда.  Осы орайда аудан жастары, өңір кәсіпкерлері бастаған бірқатар жанашыр азаматтар ауруханаларға  арнайы  тыныс алу аппараттары мен дәрі-дәрмектер жеткізуге күш жұмылдыруда. Осындай көмектің алғашқы партиясы ауданымызға да келді.
Жерлестеріміз, Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы Сұлупан Шынтасова мен белгілі кәсіпкер Марат Итеғұловтың қолдауымен орталық ауруханаға өкпені жасанды желдету аппараттарының (ИВЛ) үш данасы пайдалануға берілді.
Қиын қыстау кезеңде қатерлі дертпен күресуге көмек көрсеткен жанашыр азаматтарға ақ халатты абзал жандардың айтар алғыстары шексіз.
Жансерік Мендиев, Нұркен Арыстанов, Ринат Дүйісов есімді кәсіпкерлер орталық ауруханаға өкпені жасанды желдету аппараттарын (ИВЛ), оттегі баллондарын, жергілікті кәсіпкерлер қажетті медициналық құрал-жабдықтар алып берсе, жергілікті бюджет есебінен қорғаныш киімдері, төсек жабдықтары және т.б. алынып берілді.