Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды Волонтерлар жылы деп жариялағаны белгілі. Жастар жылының жалғасы ретінде бұл жыл да жалынды жастарға зор сенім мен үлкен серпін беруде.
Қай заманда болмасын жастар — қоғамның қозғаушы күші. Қазіргі таңда ауданымызда19 волонтерлық топ және 300 волонтерлық топтың белсенділері бар. Бұл волонтерлық топтардың көбісі Қайырымдылық пен Таза әлем бағыттары бойынша қарқынды да жүйелі жұмыстар атқаруда. Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты волонтер жастар да бірігіп белсенділік танытуда. Республикалық «Біз біргеміз!» акциясы аясында аудан әкімі Бауыржан Қаниевтің қолдауымен аз қамтылған, көп балалы аналар, мүгедектер және тағы басқа санаттағы отбасыларға азық-түліктер қоры жинақталып, волонтер жастар үй-үйді аралап таратуда. Сонымен қатар ауданымыздың кәсіпкерлері және волонтер жастар аудан тұрғындарына өздері тіккен 2000-нан астам бетперде таратты. Бұл игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.
Аудандық жастар ресурстық орталығы.