БОРАНДЫ КҮНІ АДАСҚАНДАР ҚҰТҚАРЫЛДЫ

25 қаңтар күні Шалқар ауданының «112» құтқару телефонына Шалқар ауданы Тоғыз ауылдық округі Тоғыз станциясында 3 азаматтың (Ідірісов Шынболат, Ідірісов Бекболат және Өтеуов Жаңажан) шамамен 09 сағат 00 минутта «УАЗ» автокөлігімен мал қарауға шығып хабарсыз қалғандығы жөнінде ақпарат келіп түсті. Аталған азаматтарды іздестіру жұмыстарына Әйтеке би ауданы Комсомол ауылының №9 өрт сөндіру бекетінен жол талғамайтын «Трэкол» автокөлігі көмекке шақырылды.
«Трэкол» автокөлігі Шалқар қаласына келісімен ауданның төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Рауан Князовтің басшылығымен іздестіру тобы құрылды. Іздестіру жұмыстарына Шалқар ауданы №7 өрт сөндіру бөлімінің жедел тобы 2 адам (азаматтық қорғау кіші сержанты, жүргізуші-қызметкер Айбек Майкупов және азаматтық қорғау аға лейтенанты, қарауыл бастығы Нұржан Карастеков), Әйтеке би ауданының №9 өрт сөндіру бекетінен 2 адам және Шалқар ауданың ТЖБ басшысы шықты.
Іздестіру жұмыстары кезінде 12 сағатта 220 шақырым автокөлікпен жүру барысында жеті жайлау жерлері араланды. Хабарсыз кеткен 3 азамат 27 қаңтар күні аман-есен табылды. Аталған азаматтар Тоғыз станциясына жеткізілді. Денсаулықтарына зиян келмеген, арыз-шағымдары жоқ.
Осы ретте аудан тұрғындары мен қонақтарына мынан ескерткіміз келеді. Ауа-райының қолайсыз күндері (боран, дауылды, жолдардың жабылуы және т.б.) 112 нөмірінен келетін ескертулердің хабарламасын мұқият оқып, қауіпті қадамдарға бармауларыңыз сұралады.

Шалқар ауданының төтенше
жағдайлар бөлімі.