«Қауіпсіз жол» атты іс-шара өтуде

Көліктегі полиция департаментінің қызмет ету аумағында республикалық деңгейде өтіп жатқан «Қауіпсіз жол» атты іс-шара ақпан айының 5-29 күндері аралығында өткізілуде.
Осыған орай Шалқар станциясының теміржол аумағында және жолаушылар пойыздарында жүріп-тұру қауіпсіздік ережелері түсіндірілуде. Теміржол жұмысшыларын жұмыста қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырып, мекеме басшыларымен теміржол көлігінің қозғалысына кедергі келтіретін мән-жайлар бойынша сұрақтар қарастырылып, профилактикалық сұхбат жүргізілді.
Шалқар қаласының тұрғындары мен жолаушылардың назарына!
Темір жол арқылы белгіленбеген жерден теміржол арқылы өтіп, құқық бұзушылық жасаған тұлғаға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 559-бабы 5-бөлігі бойынша ескерту немесе 3 айлық есеп көрсеткіш көлемінде айыппұл салынатындығы туралы ескертеміз. Теміржол бойында қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырамыз!

Е. ҚҰЛМАНОВ, Шалқар ст.ЖПб-нің бастығы, полиция капитаны.