Шалқар ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасымен қаланың сауда орындарында жеке кәсіпкерлермен есепті кезеңдерінде тапқан табыстарын анықтау мақсатында хронометражды бақылау жұмыстары жүргізілуде.
Қалада орналасқан «Арзан» сауда нүктелерінде жүргізілген хронометражды бақылау нәтижесімен жеке кәсіпкерлерге салық есептіліктерінде есепті кезеңде тапқан нақты табыстарын толығымен көрсетуге ұсыныс жасалды, сонымен қатар қолма-қол есеп айырысқан кезеңде жадылы-бақылау касса машиналары міндетті түрде қолданылуы қажеттігі түсіндірілді.
Салық заңдылықтарын бұзған тұлғалар «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершіліктерге тартылады. Сондықтан жеке кәсіпкерлер есепті кезеңдерінде тапқан табыстарын толығымен салық есептіліктерінде көрсетіп, салық төлеуден жалтармай, салық міндеттемелерін толық орындау қажет.
Шалқар ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы.