Денсаулық
Құрылыс жұмыстарына партиялық бақылау жасалды

11 маусым күні Шалқар аудандық мәслихатының депутаты, депутаттық фракция мүшесі Еркін Жұбаназаров және партияның аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Бершүгір ауылдық округінің Сарысай ауылында салынып жатқан медициналық пунктінің құрылыс жұмыстарына мониторинг жүргізді.
Жобаның жалпы құны – 133 856 620,40 теңгені құрайды. Жобаға жауапты мердігер – «КазЭлитСтройСервис» ЖШС, техникалық қадағалаушы – «ДамирЖобаҚұрылыс» ЖШС.
Мониторинг барысында құрылыс жұмысы сапалы және уақытылы жүргізілуі қажет екендігі ескертілді. Алдағы уақытта да аталған нысанға партиялық бақылау жүргізілетін болады.
«AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалы.