Әлеумет

Он екінші сәбидің есімі — Мұхаммед-әли

Көсегеміз көбейсек көгереді

Шалқар қаласының 34 жастағы тұрғыны Айым Сүйеуқұлова они екінші сәбиін дүниге әкелді. Құрбан айт мерекесінде ауданның бас имамы Абзал Медетбеков көп балалы Хадимжановтар отбасына барып, жаңа туылған сәбидің есімін азан шақырып, Мұхаммед-әли деп қойды.

«Бала — Алланың берген үлкен нығметі, ал көпбалалы отбасы — сол нығметтің шынайы көрінісі. Мұндай шаңырақтар тек ата-анаға емес, бүкіл қоғамға береке әкеледі. Исламда ұрпақ сүю, оларды имандылыққа тәрбиелеу — үлкен сауапты іс. Мұхаммед-Әли сынды сәбилер еліміздің ертеңі, үміті» — деп батасын берді бас имам.

Өз кезегінде ерлі-зайыптылар сауапты іске себепші болған бас имамға алғыстарын білдіріп, қазақы жоралғымен иығына  шапан жапты.

Шаңырақтың отағасы 39 жастағы Азамат Хадимжанов аудан орталығындағы «Қазтелерадио» мекемесінің Шалқар телестансасында күзетші болып жұмыс істейді. Балалардың тұңғышы 18 жастағы Назым қазір Ақтөбе гуманитарлық колледжінің студенті, болашақ мұғалім. Одан кейінгі өрендер де оқуға құштар, мектептерінің   мақтаулылары.

 М. БОҚАН.

Басқа материалдар

Back to top button