Алты жылда еліміздің балабақшаларына кезек 5 есеге азайды

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет Оқу-ағарту министрлігі арқылы 2019 жылдан бастап мектепке дейінгі білім беру саласын реформалау бойынша қолжетімділікті, сапаны және ашықтықты арттыруға бағытталған жүйелі жұмыс жүргізуде. Мемлекеттік саясаттың басым міндеттерінің бірі әрбір баланың сапалы мектепке дейінгі тәрбие мен білім алуға құқығын қамтамасыз ету болып саналады.
⚡️ Егер 2019 жылы елімізде 892 мың бала тәрбиеленген 10,5 мың мектепке дейінгі ұйым жұмыс істесе, 2025 жылға қарай мұндай ұйымдардың саны 1 млен-нан астам баланы қамти отырып, 11,8 мыңға дейін өсті. Бұл ретте қамту қуаты аз шағын орталықтардан тұрақты материалдық-техникалық базасы бар толыққанды балабақшалар ашуға көшуді атап өтуге болады.
Бұрын балабақшаға жазылу рәсімі: шамадан тыс жүктелген электрондық кезек, аумақтық теңгерімсіздік, орындарды бөлудің күмәнді схемалары, жалған қабылдау сынды көптеген қиындықтармен қатар жүретін. Бұл мәселелер әсіресе ірі қалаларда және тез дамып келе жатқан агломерацияларда өткір күйде болды. Бүгінгі таңда бұл қиындықтар цифрлық сервистердің, балаларды есепке алуды автоматтандырудың және мемлекеттік қызметтер көрсетудің ашық рәсімдерін енгізудің арқасында біртіндеп еңсерілуде.
➤ Жүйе ата-аналарға ваучер – барлық талаптарға сәйкес келетін кез келген балабақшада (мемлекеттік немесе жеке) пайдалануға болатын жеке «сертификат» беруді көздейді. Бұл ата-аналардың таңдауын кеңейтеді, ұйымдар арасындағы бәсекелестікке ықпал етеді және қызмет сапасын жақсартады. Сонымен қатар жүйе қайталануды және жалған тізімдерді болдырмайды, бұл 27 млрд теңгеден астам үнемдеуге мүмкіндік берді.
➤ Бүгінгі таңда ваучерлік жүйе 12 қала мен 3 ауданда кеңейтілуде. 2025 жылдың соңына дейін жоба бекітілген кестеге сәйкес бүкіл республика бойынша кезең-кезеңімен енгізілетін болады.
Осылайша, Қазақстан мектепке дейінгі білім беру саласында тұрақты ілгерілеуді көрсетіп отыр. Дәйекті реформалар, цифрландыруға сүйену, ваучерлік қаржыландыруды енгізу және қол жеткізуге басымдықтың берілуі жүйені тиімдірек әрі отбасылардың қажеттіліктеріне бағдарлануын қамтамасыз етеді.